Варшавада «Тәуелсіз сот жүйесін нығайту және қоғамның әділ сотқа қол жетімділігі» атты семинар өтеді
амырдың 17-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Мамырдың 17-19-і күндері Варшавада «Тәуелсіз сот жүйесін нығайту және қоғамның әділ сотқа қол жетімділігі» деген тақырыпта ЕҚЫҰ-ның гуманитарлық өлшем жөніндегі семинары өтеді. Бұл туралы бүгін Астанадағы апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, шараға ЕҚЫҰ-ға мүше 56 мемлекеттен ресми делегациялардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысатын болады. Қазақстанның ресми делегациясының құрамына ҚР Сыртқы істер министрлігінің, ҚР Жоғарғы сотының және ҚР Бас прокуратурасының өкілдері еніп отыр. «Шара өтетін үш күннің ішінде сот әкімшілігі, судьяларды сайлау және олардың жауапкершілігі, сондай-ақ азаматтардың әділ сотқа теңдей қол жетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі мәселелер талқыланатын болады», деді ресми өкіл.