Варшавадан Прагаға бағыт алған ұшақ капитаны әуеде қайтыс болды

АСТАНА. 16 ақпан. ҚазАқпарат - Варшавадан Прагаға ұшу кезінде Czech Airlines ("Чехия әуе жолдары") компаниясының ұшақ капитаны қайтыс болды.

Варшавадан Прагаға бағыт алған ұшақ капитаны әуеде қайтыс болды

РБК-ның хабарлауынша, экипаж диспетчерлерге ұшқыштың аяқ астынан жүрегі қысып, жағдайы нашарлағандығын айтқан. Әуе кемесін басқаруды екінші ұшқыш өзіне алып, кейін оның әуежайға қонуын жүзеге асырды.

Прага әуежайында бортты жедел-жәрдем күтіп алды, алайда дәрігерлерге оның көз жұмғандығын растау ғана қалған болатын, деп хабарланды Reuters агенттігі.

Осындай жағдай 2 жыл бұрын орын алған болатын. Филиппин астанасы Манила қаласынан Дохаға ұшып бара жатқан Qatar Airways әуе компаниясының экипаж капитаны әуеде көз жұмды.