Вашингтон: 20 қыркүйек - қаралы күн

АСТАНА. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - АҚШ Президенті Барак Обама Вашингтонда болған атыста қаза болғандар үшін қаралы күн ретінде барлық федералды мекемелерде мемлекеттік туды төмен түсіруге өкім етті.

Вашингтон: 20 қыркүйек - қаралы күн

Бұл туралы Ақ үйдің ресми мәлімдемесінде айтылған.

Ту 20 қыркүйек, жұма күнге дейін Ақ үй, Конгресс ғимаратында, елшіліктер, консулдықтар және АҚШ-тың шетелдегі басқа да ресми өкілдіктерінде, сонымен бірге құрлық әскерлері мен флотта жалаулар төменге түсіріледі, деп хабарлады Lenta.Ru.

Еске сала кетсек, 12 адам АҚШ-тың әскери базасы нысанында болған атыстың құрбанына айналды.