Вашингтон АҚШ Мемлекеттік хатшысының Сауд Арабиясына сапарын растады

ВАШИНГТОН. KAZINFORM — АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио 10-12 наурызда Сауд Арабиясының Жидда қаласында болып, онда украиндық делегациямен кездесіп, қақтығысты бейбіт жолмен шешу жолын талқылайды. Бұл туралы Мемлекеттік департаменттің баспасөз қызметі басшысы Тэмми Брюс мәлімдеді, деп жазады ТАСС.

Вашингтон АҚШ Мемлекеттік хатшысының Сауд Арабиясына сапарын растады
Фото: Видеодан скрин

— Джиддада ол Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салман Әл Саудпен де кездесіп, аймақтағы ортақ мүдделерді ілгерілету және американдық-саудиялық қарым-қатынастарды нығайту жолдарын талқылайды, — деп мәлімдеді дипломат.

Рубио 12-14 наурызда Канадада өтетін G7 сыртқы істер министрлерінің кездесуіне де қатысады.

— Ол «Таяу Шығыс пен Еуропадағы қақтығыстарды, Африка мен Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы ынтымақтастықты және Батыс жарты шардағы тұрақтылықты» талқылауға ниетті, — деп түйіндеді Брюс.

Айта кетейік, Трамптың арнайы өкілі Украинадағы соғысты 24 сағатта тоқтату жөнінде пікір білдірді.

Соңғы жаңалықтар