Вашингтон Бағдадқа лаңкестікпен күреске қарудың ірі партиясын жеткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ Ирак үкіметіне лаңкестікпен күреске арналған қарудың ірі партиясын жеткізді, деп хабарлады ИТАР-ТАСС АҚШ-тың Ирактағы елшілігіне сілтеме жасап.
None
None

Олардың арасында жүздеген «әуе-жер» класындағы өздігінен бағытталатын AGM-114 Hellfire зымырандары, үлкен көлемде М4 шабуылдау винтовкалары және бірнеше жүздеген мың оқ-дәрі жиынтығы бар.

«Ирактың қауіпсіздік күштерінің заманауи және тиімді қарумен жарақтандырылуының маңызы үлкен, өйткені олар «Ирак және Леванта ислам мемлекеті» тобы Иракқа және бүкіл аймаққа төндіріп отырған елеулі қауіппен бетпе-бет келуде», - делінген дипломатиялық өкілдіктың мәлімдемесінде.

Ирак әскери қарулы күштері қаңтардың ортасынан бастап 11 млн.-нан астам патрондар, мыңдаған пулеметтер, мергендер винтовкаларын, автоматтар мен гранаттар алды.

АҚШ-тан кейінгі екінші орында республикаға маңызды қару жеткізуші - Ресей. Сондай-ақ Бағдад Қытаймен де бірқатар келісім-шарттарға қол қойды.

Анбар провинциясында өткен жылдың 21 желтоқсанында басталған лаңкестікке қарсы операция өкімет орындарынан зор ресурстарды талап етті. Үкіметтік күштер провинцияның елді мекендерінің басым бөлігіне өз бақылауын орнатты, алайда лаңкестер бұрынғыша ірі қалалар - Рамади мен Эль-Фаллуджеде белсенді соғыс қимылдарын жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар