13:28, 04 Ақпан 2011 | GMT +5
Вашингтон мен Каир билікті бейбіт жолмен өткізудің жолдарын талқылауда
АСТАНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат - Вашингтон мен Каир билікті бейбіт жолмен өткізудің жолдарын талқылауда. Бұл туралы кеше АҚШ Президенті Әкімшілігі жанындағы ұлттық қауіпсіздік Кеңесінің өкілі Томми Вейтор мәлім етті.
Ол атап өткеніндей, Ақ үй басшысы Барак Обама Мысырдағы шиеленістің барлық жақтарын талқылайтын сенімді бейбіт келіссөздерді бастайтын уақыт келгендігін мәлімдеуде, деп хабарлайды РБК Би-би-си агенттігіне сілтеме жасап.
"Біз мысырлықтармен жағдайдан шығатын бірнеше жолдарды қарастырдық, бірақ, осы шешімдердің кез келгенін әуелі Мысыр халқы қабылдауы қажет», - деп сөзін сабақтады Т.Вейтор.