Вашингтон штатында жер қабаты көшкінінің құрбандары сегізге жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Вашингтон штатында жер қабаты көшкінінің салдарынан қаза болғандардың саны сегізге жетті. Бұл туралы штат билігі хабарлады, деп жазады РБК.
None
None

Қазіргі кезде 18 адам із-түссіз жоғалғандар санатында, ал тағы 8-і зардап шегіп, оның екеуі ауыр халде жатыр. Апат орын алған Снохомиш округінде төтенше жағдай жарияланды.

Құтқарушылардың сөзіне қарағанда, адамдар лай мен тастардан құралған 5 метрлік қалың қабаттың астында қалып қойған. Сондықтан қалың батпақтың үстінде құтқару жұмыстарын жүргізу қиынға түсіп отыр.

Сонымен қатар төтенше оқиға орын алған жердегі жол жабылып, ондағы көлік қозғалысын жандандыру мерзімі әлі де белгісіз.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, жер қабатының көшкініне соңғы айдағы мол жауын-шашын әсер етті. Осы орайда өңірдегің қауіпті жерлердің тұрғындарына көпірлердің маңына жақындамау жайында ескерту жасалып, уақытша паналайтын орындар жасақталуда.

Соңғы жаңалықтар