Вашингтон турнирінде Юлия Путинцева жартылай финалға өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева жүлде қоры 225 мың АҚШ доллары болатын Вашингтон турнирінде жартылай финалға өтті.
Путинцева бұл жолы жапон спортшысы Риса Одзакиден басым түсті: - 6:4, 6:2. Олардың ойыны 1 сағат 26 минутқа созылды.
Жартылай финалда енді спортшымыз бельгиялық теннисші Янина Викмайермен кездеседі, деп хабарлады Р-Спорт.