Вашингтонда Ақ үйдің іргесінде атыс болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Reuters-тің хабарлауынша, кеше кешқұрым орын алған атыс кезінде АҚШ Президенті Барак Обама Ақ үйде болмаған.
Президенттің Ақ үйдің сайтында жарияланған жұмыс кестесінде мемлекет басшысы вице-президентпен бірге таңертеңгі брифингті өткізіп, одан кейін Зика вирусының АҚШ аумағында таралу проблемасына арналған кеңеске қатысқаны жайлы жазылған.
АҚШ құпия қызметінің қызметкерлері Ақ үйдің аумағында орналасқан бақылау-өткізу бекетінің қасында мылтығын шошаңдатып жүрген ер адамға оқ жаудырды. Ер адамның ішіне оқ тиіп, ауыр халде аурухнаға жеткізілді.