Вашингтонда карантин 8 маусымға дейін ұзартылды

ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – Колумбия өңірінің мэрі Мюриэль Баузер «үй карантині» режімін 8 маусымға дейін ұзартып, жаңа қауіпті коронавирустың таралуын тоқтату үшін аймаққа көбірек уақыт керек екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат nbcwashington.com ресурсына сілтеме жасап.

Вашингтонда карантин 8 маусымға дейін ұзартылды

Бұған дейін бұл ереже 15 мамырдан кейін жойылады деп болжанған.

«Режімді асығыс алып тастау қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Біз экономикамызды қалпына келтіруге тырысып жатырмыз...Бірақ вирус екінші рет кең тарап кетсе, одан да қиын жағдай болатынын түсініп отырмыз», - деді Баузер.

Оның айтуынша, қала қабылданған ережелерді кезең-кезеңімен алуды шешсе, үй карантині режімін кез келген уақытта қайта қарауға болады.

Жергілікті биліктің статистикасы бойынша, Колумбия аймағына қарасты Вашингтонда жалпы COVID-19 жұқтырған 6584 адам тіркеліп, оның 350-і қайтыс болған.