Вашингтоннан ресейлік дипломаттар мінген ұшақ ұшып шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Вашингтоннан америкалық әкімшілік АҚШ-тан шеттеткен ресейлік дипломаттар мінген ұшақ ұшып шықты, деп хабарлайды РИА Новости РФ елшілігіне сілтемемен.

Вашингтоннан ресейлік дипломаттар мінген ұшақ ұшып шықты

«Ұшақ аттанды, бәрі ұшып кетті» деп хабарлаған елшілік.

Бейсенбі күні АҚШ Президенті Барак Обаманың әкімшілігі ресейлік 9 мекеме, компания және заңды тұлғаларға, соның ішінде ФҚҚ мен БББ-ға қарсы санкция енгізген болатын. Оларға «сайлау ісіне араласты» және Ресейде қызмет атқарып жүрген «америкалық дипломаттарға қысым көрсетті» деген айып тағылған.

РФ басшысы Владимир Путин Вашингтонға жауап ретінде америкалық елшілерді елден шығармайтынын мәлім еткен.