Вашингтонның орталығында ер адам өзін-өзі өртеп жібермек болды

АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Вашингтон қаласының Ұлттық аллеясында өзін-өзі өртеп жібермек болған ер адам аса ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады РИА Новости америкалық БАҚ-тарға сілтеме жасап.
None
None

Оқиғаға куә болғандардың сөзінше, белгісіз ер адам қызыл канистраға құйылған жанармайды басына құйып, өзін-өзі өртеп жіберді. Абырой болғанда, сол жерден өтіп бара жатқан адамдар үстеріндегі көйлектерімен лапылдаған жалынды тоқтатып, ер адамды ажалдан аман алып қалған.

Өрт сөндірушілердің ақпаратынша, ер адамның халі мүшкіл. Ал оның аты-жөні мен жасы хабарланбады.

Аталған төтенше жағдай Ақ Үйден Капитолийге дейін болған атыстан бір күннен кейін орын алды. Бейсенбі күні полиция қызметкерлері АҚШ президентінің резиденциясына көлігімен басып кірмек болған әйел адамды атып тастаған еді.

Соңғы жаңалықтар