11:17, 17 Қаңтар 2009 | GMT +5
Вашинтон 2 миллион қонақты қарсы алуға дайындалуда
ВАШИНГТОН. Қаңтардың 17-сі. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ - Барак Обаманы ұлықтау жөніндегі мерекелік рәсімге қатысқысы келгендердің саны 2 миллионға жетуі мүмкін,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұған дейінгі рекорд 1965 жылы, Линдон Джонсон президенттікке кіріскен кезде тіркелген екен, ол жолы салтанатты рәсімге 1,2 миллион қызықтаушы қатысқан. Вашингтон ұлықтау рәсіміне қызу дайындыққа кірісіп кетті. Жаңадан сайланған президенттің суреті бейнеленген кәдесыйлар, киімдер, тіпті тәтті тоқаштар Ақ үйдің төңірегінде сатылуда. Дүкендердің витриналарында Барак Обаманың сөздерінен үзінділер жазылған. Вашингтон метросы Обаманың портреті бейнеленген жол жүру билеттерін шығарып отыр. Қауіпсіздікті лайықты деңгейде қамтамасыз ету үшін, рәсімге бір апта қалғанда Колумбия округінде төтенше жағдай режимі жарияланды.