Василий Левит науқас баланың арманын орындады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Рио-2016 Олимпиадасының бокстан күміс жүлдегері Василий Левит Астанада науқас баланың арманын орындады, деп хабарлады Instagram club_dobryakov_astany тобына сілтеме жасап, «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Василий Левит науқас баланың арманын орындады

Чемпион Астанада онкологиядан емделіп жатқан жас жанкүйеріне барды. Оның балалық арманын орындады: 10 жастағы Әлинәби ауырғанға дейін спортпен айналысқан. Оның бір арманы Василий Левитті шынайы өмірде  көру болатын.  «@indi070 мейірімділер клубының еріктісі @vassiliy_levit-ке баланың өтінішін жеткізді. Бүгін ол Әлинәбиге кіріп шықты», - делінген хабарламада.

Кездесу барысында Левит балаға қолтаңбасымен бокс қолғабын сыйға тартты, Жаңа жылда оған   тағы да сыйлық сыйлауға уәде берді. «Әлинәби қатты қуанды. Бұл шынымен де керемет болды», - деді клуб еріктілері.