Василий Левит - Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері

АСТАНА. ҚазАқпарат - Рио-де-Жанейро Олимпиадасында Василий Левит Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Риодағы ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қазақстандық боксшы финалда ресейлік Евгений Тищенкомен жұдырықтасты.

Василий Левит жартылай финалда кубалық боксшы Эрисланди Савонмен жекпе-жекке шығып, оны 2:1 есебімен ұтқан болатын.

Василий Левит екі дүркін Қазақстан чемпионы, Азия біріншілігінің жеңімпазы. Ол Олимпиаданың ширек финалында мавританиялық Кенеди Сен-Пьеррді 3:0 есебімен ұтып, жарыс жолынан тайдырған болатын.

Ал оның алдындағы іріктеу сайыстарында қытайлық Юй Фенкайды екінші раундта нокдаунға түсіріп, үшінші  раундта қарсыласы жекпе-жекке шығудан бас тартқан.

Міне, бүгін Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Соңғы жаңалықтар