Василий Жиров боксқа қайта оралды
АСТАНА. Тамыздың 7-сі. ҚазАқпарат - Бірінші ауыр салмақтағы IBF экс-чемпионы 35 жастағы Василий Жиров боксқа қайта оралуда,
деп хабарлайды Қазақстанның sports.kz. спорттық порталы.
В.Жиров қыркүйектің 17-сінде АҚШ-та жекпе-жек өткізеді деп күтілуде. Қазақстандық боксшының қарсыласы әзірге жария етілген жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, Жиров өзінің соңғы жекпе-жегін 2007 жылдың шілде айында өткізіп, Кенни Кравенді жеңген болатын.