Ватикан өзінің телефон компаниясын құрмақ
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Рим Папасы Франциск Ватиканда Viaticom деп аталатын халықаралық телекоммуникациялық компания құруға келісім берді, деп хабарлады батыстық БАҚ.
Ватиканның баспасөз хатшысы Томас Росица Ватиканның телефон компаниясын құру ниетін қуаттады.
Қазіргі кезде қала-мемлекеттің өз спутниктік телеарнасы, радиосы және интернет-домені бар. Алайда Рим католик шіркеуіне ұялы және сымды байланыс қызметін итальяндық компаниялар ұсынады.