Ватикан жаңа Рим Папасын сайлады
АСТАНА. KAZINFORM – Бейсенбінің кешінде Ватиканда Сикстин капелласындағы конклавқа жиналған қауым Рим-католик шіркеуінің басшысын таңдады. Бұл дауыс берудің төртінші раундында мүмкін болды, деп хабарлайды BBC.

Жергілікті уақыт бойынша, сағат 18:00-де капелланың мұржасынан ақ түтін шыға бастады. Ол кардиналдардың жаңа понтификті таңдағанын білдіреді. Әзірге оның аты-жөні белгісіз.
Сонымен бірге Сикстин капелласының қоңыраулары ойнай бастады.
Сикстин капелласынан шыққан түтіннің қоңыраулардың сыңғырымен сүйемелденуі жаңа Рим Папасының сайланғанын білдіреді.
Жаңа понтифик сайланғаннан кейін Әулие Петр алаңына апаратын балконға шығуы керек еді.
Осыған дейін Сикстин капелласының мұржасынан қара түтін екі рет шықты: сәрсенбі күні кешкісін және бейсенбі күні таң ата. Бұл уақыттарда дауыс беру шарасы өткен еді.
Рим Папасын сайлау үшін қатысушылардың үштен екісі дауыс беруі керек, қазіргі жағдайда ол 89 адам. Конклавқа бүкіл әлем бойынша барлығы 133 кардинал қатысады.
Осыған дейін екінші және үшінші рет дауыс беру кезінде де Рим папасы кім болатыны анықталмағаны туралы жаздық.