Ватиканда педофил ретінде айыпталушы дін қызметкері ауруханаға жеткізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәмелеттік жасқа толмағандарға сексуалдық сипатта зорлық көрсеткені үшін айыпталған бұрынғы польшалық архиепископ Ватиканда соты басталардың алдында бірнеше сағат бұрын ауруханаға жеткізілді.

Ватиканда педофил ретінде айыпталушы дін қызметкері ауруханаға жеткізілді

Ватиканның ақпаратына сүйенсек, 66 жастағы Йозеф Весоловски қарқынды терапия палатасына жатқызылды. Судья сот үрдісін келесі күнге қалдырды.

Весоловски Доминикан республикасында 2008-2013 жылдарда балаларға сексуалдық сипатта зорлық көрсеткені үшін айыпталуда. Қазір ол Ватиканда үй қамағында.

Бұрынғы дін қызметшісі балалар порнографиясын сақтағаны үшін де айыпталуда. Бұдан бұрын осы жылы ол діни атағынан айырылған, деп жазады шетелдік БАҚ.