Ватиканда XVI ғасырдағы Қазақ хандығының картасы табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ватиканда XVI ғасырдағы Қазақ хандығының картасы табылды. Бұл туралы профессор Бүркітбай Аяған мәлім етті, деп хабарлады АlmatyNews АА.
«Қазақ хандығы туралы мәліметтерді зерттеп, оларды ашатын кез келді. Бүгінде әлемдік қауымдастықта жуырда табылған жаңа деректерді талқылап жатыр. Олар әлі толық зерттелмеді. Сонымен қатар қазақстандық ғалымдар Ресей, Қытай, Иран, Франция және АҚШ ғалымдарымен бірге қазақ мемлекеттігінің тарихымен байланысты жаңа тарихи фактілерді ашып жатыр. Жуырда XVI ғасырдағы Қазақ хандығының картасы табылды», - деді Бүркітбай Аяған.