Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов сотқа аппеляциялық шағым түсірді

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы қалалық соты қаржы пирамидаларын құру ісі бойынша Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтан түскен апелляциялық шағымды қарауға кірісті.

 сот
Фото: Kazinform

Қалалық соттың баспасөз қызметі аталған іс бойынша апелляциялық шағым қаралып жатқанын растады.

Былтыр маусым айында Алматыда Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құру ісі бойынша сот үкімі шыққан болатын.

Аталған қылмысққа қатысы бар Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтан басқа сотталушылардың барлығы Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша кінәлі деп танылды.

Сот қаулысымен Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов бес жылға бас бостандығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар