«Вечерний Алматы» газеті 75 жылдық мерейтойын атап өтуде

АТЫ. 29 сәуір. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында «Вечерний Алматы» газеті 75 жылдық мерейтойын салтанатты түрде атап өтті.
None
None

Газет ұжымын Алматы әкімдігінің өкілдері, ҚР Журналистер одағы, Қазақстан журналистер академиясы, сонымен қатар өнер және мәдениет қайраткерлері құттықтап, жүрекжарды тілектерін білдірді.

«Бүгінде «Вечерний Алматы» газетінің қазақстандық ақпараттық нарығында танымал басылымдардың бірі болып табылатындығына қуаныштымын. Газеттің таралымы соңғы үш жылда екі есеге өсті. Бұл газетке күнделікті басылымдар арасында көшбасында жүруге ықпал етеді. Ол бүгінде өзге келбетке өзгерді, газет көптеген алматылық отбасылардың кеңесшісіне айналды. Газет беттерінде әр түрлі жастағы буын мен мамандықтағы адамдардың, мыңдаған қазақстандықтардың тағдырлары көрініс тапты. 75 жыл бойы газет Алматының дамуы мен тыныс-тіршілігін айтып келеді. Алматылықтар атынан газетке өркендеу, қызметкерлерге - барлық жақсылықты, ал оқырмандарға - қызықты да өзекті, пайдалы ақпараттар тілеймін!», - деді аталмыш шараға арнайы қатысқан қала әкімі Ахметжан Есімов.

Газеттің бас редакторы Николай Жоровтың айтуынша, «Вечерний Алматы» газетінің 75 жыл ішінде 12 200 нөмірі - 300 миллион данасы шыққан. «Біз - бір елдің азаматтарымыз. Қазақ мәдениеті, қазақ тілі, қазақ мүддесі ең бірінші мүдде болуы керек. Басылым осы мақсатта қала өмірінде болып жатқан барлық шараларға белсенді араласып келеді. Біздің бастамамызбен «Алтын қырғауыл», «Баспалдақ», «Керленг» шаралары тұрақты өткізіліп тұрады. Газет қалалық болған соң, оның бетіндегі ақпараттардың негізгі 90 пайызы қала өміріне арналған. Оқырмандарымыздың басым бөлігі ежелгі қала тұрғындары. Оның діні - зиялы азаматтар. Тақырыпты ұсынушылар да солар. Сондықтан айтулы күнде барша оқырмандарды мерекелерімен құттықтап қойғым келеді», - деді ол.

Газет жарық көргеннен бері үш рет атауын, бірнеше рет форматын, пішінін, тіпті әріптерінің көлемін, түсін де өзгертті. 1936 жылы «Социалистическая Алма-Ата», 1968 жылдан «Вечерняя Алма-Ата» болып келсе, бертін келе «Вечерний Алматы» болып өзгертілді. Бүгінде газет А3 форматында, аптасына үш рет шығады. Газеттің құрылуы мен дамуына өз үлесін бірнеше жүздеген журналистер мен техникалық қызметкерлер қосты. Оның көбі КСРО және ҚазКСР журналистер Одағы сыйлығының лауреаттары, әр түрлі әдеби және журналистік байқаулардың жеңімпаздары, «Мәдениет қайраткерлері» атанды. Николай Жоров газетке басшылық етіп отырған он үшінші редактор. Газет 1936 жылдан шығады. 1936-1939 жылдарда газеттің 830 нөмірі ғана жарық көріпті. Алғашқы газетке екі редактор басшылық жасаған. Олар - Борис Березский мен Иван Кирилличев.

Шара қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен аяқталды.

Соңғы жаңалықтар