«Вечерняя Астана» басылымына жаңа басшы келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қайсар Жұмабайұлы «Вечерняя Астана» газетінің редакциясы» ЖШС-нің директоры болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Вечерняя Астана» басылымына жаңа басшы келді

Басылымның ресми сайтының хабарлауынша, компанияның басшысы қызметіне Астана әкімі Әсет Исекешевтің кеңесшісі қызметін атқарып келген Қайсар Жұмабайұлы тағайындалды.

Қайсар Жұмабайұлы осыған дейін ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің ресми өкілі қызметіне де атқарған болатын.