Ведомствоаралық комиссия: Бірқатар облыстағы тұрақтандыру қорындағы дәрі көлемі ұлғайтылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тоғжановтың төрағалығымен өткен Ведомствоаралық комиссияның отырысында Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша бірқатар шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомствоаралық комиссия: Бірқатар облыстағы тұрақтандыру қорындағы дәрі көлемі ұлғайтылады

«Шымкент қаласы, Ақмола, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдіктеріне тұрақтандыру қорларындағы дәрілік заттар резервінің көлемін ұлғайту тапсырылды», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің екінші кезеңіне дайындық мәселелері бойынша кеңесте Үкімет мүшелеріне дәрі-дәрмек бойынша тұрақтандыру қорларын белгіленген нормативке сәйкес жасақтауды тапсырған еді.

«Біз жаз айларында дәрі-дәрмек тапшылығын айқын сезіндік. Менің тапсырмам бойынша нақты жұмыс атқарылды. Атап айтқанда, екі айға жететін қор жасақталып, ең қажетті деген дәрі-дәрмектің тізімі ұлғайтылды. Оны сырттан әкелу және тіркеу тәртібі жеңілдетілді. Бірақ, өңірлерде дәрі-дәрмектерді тұрақтандыру қорларының көлемі және дайындық жұмыстары біркелкі емес», деген еді Президент.