Велошабандоз А.Винокуров екі жылдық үзілістен соң ертең Францияда жарыс жолына шығады
АСТАНА. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат - Ең үздік қазақстандық велошабандоздардың бірі Александр Винокуров ертең Францияда «Кастильон-ля-Батайе» критериумында жарыс жолына шығады. «Спортшы жарысқа «Астана» командасынан емес, жеке өз атынан шыққалы отыр», делінген аталған команданының баспасөз мәлімдемесінде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат sport.gazeta.kz сайтына сілтеме жасап.
А.Винокуров Батыс Францияда 45 шақырымдық жарысқа қатысады.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан екі жыл бұрын «Тур де Франс» веложарысының 13-ші және 15-ші кезеңдерінде жеңіске жеткен А.Винокуровтан допинг сынақ алынып, А тексерісінің нәтижесі бойынша жарыс алдында қан құю әрекетіне барған деген айып тағылған болатын. Осылайша ол үлкен спорттан 2 жылға шеттетілген еді. Осы тыйым мерзімі ағымдағы жылы шілденің 23-інде аяқталды.
А.Винокуров Солтүстік Қазақстан облысының тумасы. Ол Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Азия чемпионы, Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері, «Тур де Франс» көпкүндік веложарысының қола жүлдегері, әлем чемпионы, Испаниядағы «Вуэльта» көпкүндігінің жеңімпазы атанған.