Велошабандоз Евгений Федоров Олимпиаданы 21-орынмен аяқтады
ПАРИЖ. KAZINFORM – Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық велошабандоз Евгений Федоров жарысты 21-ші орынмен аяқтады.

Отандасымыз жекелей сында белгіленген қашықтықты 38:33.98 уақытта жүріп өтті.
Нәтижесінде Федоров 21-орыннан көрінді.
Бұл бәсекеде бельгиялық Ремко Эвенепул жеңіске жетті. Екінші орында италиялық Филиппо Ганна, үшінші орында тағы бір бельгиялық Вут ван Арт тұр.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Олимпиаданың алғашқы күні ел қоржынына 1 алтын, 1 қола медаль түсті.
Алтынды дзюдошы Елдос Сметов жеңіп алса, қола жүлдені пневматикалық винтовкамен 10 метрге нысана көздеуден аралас командалық сында Ислам Сәтпаев пен Александра Ле жеңіп алды.
Енді санаулы сәттерден кейін боксшыларымыз Олимпиададағы алғашқы жекпе-жектерін бастайды.