22:57, 14 Шілде 2017 | GMT +5
Велошеруге зейнеткерлер де қатысып жүр - Қызылорда
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Сырдария ауданының әкімі Ғанибек Қазантаевтың бастамасымен ауданда тұрақты түрде велошеру ұйымдастырылып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін велошеруге қатысушылар кенттің негізгі көшелері арқылы аудан орталығына жақын орналасқан бірқатар ауылдық округтерге дейін велосипедпен жүріп өткен еді. Ал, өткен аптада саламатты өмір салтын ұстанушылар Тереңөзек кентінің кіреберіс бөлігінде орналасқан саябаққа дейін барып, велошеруге белсенді қатысты. Жалпы, сенбі күндері ұйымдастырылып келе жатқан спорттық шараға 300-ге жуық аудан тұрғыны қатысуда. Оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер де, жеке кәсіпкерлер де, зейнеткерлер де, жастар да бар. Бұл аудан халқының бекем бірлігін білдіреді.