Велошоссе: Азияда - біріншіміз

АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Үндістанның Дели қаласында велошосседен Азия чемпионаты аяқталып, Қазақстан командалық есепте бірінші орын алды, деп хабарлайды «Аламан».

Велошоссе: Азияда - біріншіміз

Жарыстың соңғы күні ерлер арасындағы топтық жарыс өтіп, Қазақстан спортшысы Андрей Мизуров қола жүлде алды. Ол ерлер арасындағы жекелей жарыста күміс жүлде алған еді.

Топтық жарыс. Ерлер:

1. Мураджан Халмуратов (Өзбекстан) - 3:33:59
2. Арвин Моаземи Гоударзи (Иран) - +0:12
3. Андрей Мизуров (Қазақстан) - +0:17

Қазақстан велошоссе бойынша Азия чемпионатында үш алтын, үш күміс, екі қола жүлдемен жалпы есепте бірінші орын алды.