Велосипед мінген лаңкес авиация зауытының жанында өзін жарып жіберді
АСТАНА. Қазанның 23-і. ҚазАқпарат - Пәкістанның Камр қаласындағы ірі авиация зауытының маңында лаңкестік оқиға орын алды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро. Ру сайтына сілтеме жасап.
Велосипед мінген лаңкес өзін әскерилер бақылау-өткізу бекетінде құжаттарын тексеру үшін тоқтатқан сәтте жарылғыш құрылғыны іске қосқан. Жарылыс кезінде 7 адам опат болып, тағы 13-і жарақат алды. Қылмыскердің кім екені анықталған жоқ, лаңкестікті Талибан содырлары ұйымдастыруы мүмкін деп ұйғарылып отыр.