Велосипедші абайсызда өзін-өзі атып алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Флорида штатында велосипедші абайсызда өзін-өзі атып алды. Оның күртесінің қалтасында оқталған тапанша болған, ол оқыстан қозғалған кезде атылып кеткен.
Теңіз маңындағы Санкт-Петербург (Флорида штаты) қаласында бейсенбіден жұмаға қараған түні Трой Эрл Смит есімді жігіт велосипедімен бірге кеудесіне оқ тиген күйі табылды, деп хабарланды америкалық Sky News теле арнасының сайтында.
Жергілікті ауруханада 25 жастағы жігіттің ажал құшқаны анықталды.
Полицейлердің айтуынша, марқұмның қалтасында оқталған тапанша болған. Ол велосипедпен келе жатып, абайсыз қозғалған кезде шүріппесі басылып, атылып кеткен.