Велосипедші алапат көлік апатынан аман қалды - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Мәскеу облысы Люберц елді мекенінде велосипедші жүк көлігі қағып кеткеннен кейін аман қалды, деп жазады Росбалт.

Велосипедші алапат көлік апатынан аман қалды - ВИДЕО

Велосипед мінген ер адам жаяу жүргінші жолағы арқылы жолды кесіп өтпек болады. Осы кезде көше қиылысында жүк көлігі мен жеңіл көлік жоғары жылдамдықта бір-бірін соғады. Екеуінің ортасында қалып қойған велосипедші таңғажайып жағдайда дін аман қалды.