03:29, 05 Тамыз 2017 | GMT +5
Велосипедшілермен бірге жарысқан пони желіде танымал болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік «Газпром-РусВело» командасының велосипедшісі Роман Майкин спортшылармен бірге жарысып, оларға кедергі жасаған пониді еш қиындықсыз жолдан шығарып жібере алды, деп жазылған аталған команданың Фейсбуктегі парақшасында.

«Польшадағы тур» жарысы кезінде қызық жағдай болды. Жарыс жолындағы велесипедшілерге аяқ астынан пони қосылды.
Видеодан жануар велошабандоздардан қалмай келе жатқандығы бейнеленеді. Бейнежазба соңына қарай Майкин басқа жолға бұрылатындай ыңғай танытып, қол икемімен пониді жарыс жолынан қулықпен шығарып жібереді. Осыдан кейін ол уақытты жоғалтпай-ақ жарысты жалғастыруға мүмкіндік алады.