Велосипедшімен жарысқан такси жүргізушісі оны қағып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Такси жүргізушісі велосипедшімен жарысып, оны қағып кетті. Оқиға Санкт-Петерборда жұма күні шамамен кешкі сағат бестерде орын алды.

 Велосипедшімен жарысқан такси жүргізушісі оны қағып кетті

Невский даңғылымен келе жатқан такси жүргізушісі сарай алаңына соғылды. Куәгерлердің айтуынша, автомобиль велосипедшіні қуған, деп жазды piter.tv.

Велосипедші зардап шекті. Құқық қорғау органдарынан хабарлағандай, оның миы шайқалған және жабық бас сүйек жарақатын алды.

Оқыс оқиғаның орын алуына артқы жақты көруге арналған айнаға велосипед соғылып, сындырғандығы себеп болды деген болжам бар.