Велоспорт: А. Винокуров Испанияда өтетін «Вуэльта-2009» көпкүндігіне қатысады

АСТАНА. Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Әйгілі қазақстандық велошабандоз Александр Винокуров алдағы қыркүйек айында Испанияда өтетін «Вуэльта-2009» көпкүндігіне қатысатын болды,

Велоспорт: А. Винокуров Испанияда өтетін «Вуэльта-2009» көпкүндігіне қатысады

 деп хабарлайды ҚазАқпарат «Біздің спорт» сайтына сілтеме жасап.

Атап өтерлігі, «Вуэльта» көпкүндігі А. Винокуров үшін  үлкен спортқа оралғаннан кейінгі үлкен емтихан болмақ. Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық велоспорт федерациясы А. Винокуровты допинг қолданды деген айыппен «Тур де Франс-2007» көпкүндігі жарысы кезінде спорттық жарыстарға қатысудан екі жылға шеттеткен болатын. Мерзімі аяқталғасын жерлесіміз үлкен спортқа қайтадан оралды және аз ғана уакқыттың ішінде бірқатар маңызды жеңістерге қол жеткізді. Атап айтқанда, ол  тамыздың 9-12-сі күндері өткен   "Тour de l'Ain» турында уақытқа жарысуда жеке жарыста жеңімпаз атанды. Сонымен қатар, Индонезияда өткен Азия чемпионатында тасжолдағы топтық жарыста күміс, ал жеке жарыста алтын медальді жеңіп алды.

Естеріңізге сала кетейік, «Вуэльта-2006» көпкүндігінде жалпы есепте А. Винокуров барлық қарсыластарын шаң қаптырып, жарыс жеңімпазы атанған болатын.