Велоспорт: Алексей Луценко мен Бақтияр Қожатаев Олимпиадаға барады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Рио-де-Жанейро Олимпиадасында велоспорттан ел намысын Алексей Луценко мен Бақтияр Қожатаев қорғайды. Екеуі де «Астана» велокомандасының мүшелері. Бұл туралы Қазақстан велоспорт федерациясының бапкерлер кеңесінде айтылды, деп жазады 24.kz.
None
None

Алексей Луценко - андерлер арасында топтық жарыстан әлем чемпионы (2012), Азия ойындарының жеңімпазы (2014), жекелей сында Қазақстан чемпионы (2015), «Алматы турының» екі дүркін жеңімпазы (2014-2015), сонымен қатар «Ең жас велошабандоз» жейдесінің иегері.

Ал СҚО-ның тумасы Бақтияр Қожатаев Heydar Aliyev Anniversary Tour бас іріктеу турнирінде ТОР-3-ке енген, сондай-ақ «Таудағы үздік шабандоз» атағының иегері (2012).

Соңғы жаңалықтар