Велоспорт: Әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды

АСТАНА. KAZINFORM – Швейцарияның Цюрих қаласында 21-29 қыркүйек аралығында тас жолдағы велоспорттан әлем чемпионаты өтеді. Аталған әлемдік бәсекеге қазақстандық спортшылар да қатысады.

велоспорт
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Биылғы сында әр түрлі жас санатын қоса есептегенде ел намысын мына велошабандоздар қорғайды.

Жекелей жарыс (элит): Евгений Федоров, Игорь Чжан;

Топтық жарыс (элит): Евгений Федоров, Игорь Чжан, Антон Кузьмин, Глеб Брусенский;

Жекелей жарыс (under): Андрей Ремхе, Рудольф Ремхи, Николя Винокуров;

Топтық жарыс (under): Андрей Ремхе, Рудольф Ремхи, Николя Винокуров, Максим Конкин;

Жекелей жарыс (жасөспірімдер): Михаил Подлужный, Кирилл Чжан;

Топтық жарыс (жасөспірімдер): Алик Батырхан, Мансұр Бейсембай, Михаил Подлужный;

Жекелей және топтық жарыс (жасөспірімдер): Ангелина Буренкова, Мария Елькина, Екатерина Удовыкина;

Соңғы жаңалықтар