07:36, 11 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Велоспорт: «Астана» 2013 жылғы маусымның лицензиясын иеленді
АСТАНА. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - Халықаралық велоспорт қауымдастығы өз сайтында 2013 жылғы лицензияға ие болған командалардың тізімін жариялады.

Оның ішінде біздің «Астанада» бар, деп хабарлайды «Аламан» спорт агенттігі.
Енді бұл лицензиямен «Астана» «Джиро», «Тур де Франс», «Вуэльта» көпкүндіктеріне қатыса алады. Бізден бөлек, арнайы рұқсатқа мына командаларда ие болды:
Astana Pro Team
BMC Racing Team
Cannondale
Lampre - Merida
Omega Pharma - Quick Step Cycling Team
ORICA GreenEDGE
Sky Procycling
Vacansoleil-DCM Pro Cycling Team
Movistar Team
AG2R La Mondiale 2013-2016
Euskaltel Euskadi 2013-2016
Former Rabobank 2013-2014
Garmin Sharp 2013-2014
Team Argos-Shimano 2013-2016
Team Saxo - Tinkoff 2013-2014
FDJ
Lotto Belisol
RadioShackNissan
Лицензия алғандардың қатарында ресейлік «Катюша» командасы жоқ. Енді бұл команда лицензия алуға тағы бір талпыныс жасап көреді.