Велоспорт: «Астана» клубының өкілі А. Контадор «Тур де Франс» көпкүндігінде жалпы есепте 2-ші орында келеді

АСТАНА. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Әйгілі «Тур де Франс-2010» көпкүндігінің 10-шы кезеңінен кейін «Астана» командасының өкілі испаниялық Альберто Контадор жалпы есепте 2-ші орында келеді.

Велоспорт: «Астана» клубының өкілі А. Контадор «Тур де Франс» көпкүндігінде жалпы есепте 2-ші орында келеді

Ол көш басындағы сары жейденің иесі «Saxo Bank» командасының өкілі люксембургтік Энди Шлектен 0,41 секундқа қалып келеді.
Мамандар биыл бұл додада бас жүлдеге осы екі спортшы таласады деп топшылап отыр. Себебі, жалпы есепте үшінші орында келе жатқан Euskaltel командасының өкілі испаниялық Самуэль Санчес Шлектен 2 минут 45 секундқа қалып келеді. Әйгілі қазақстандық велошабандоз, «Астана» командасының тағы бір өкілі Александр Винокуров жалпы есепте әзірге 14-ші орында тұр. Ол көшбасшыдан 6 минут 31 секунд артта.