ВЕЛОСПОРТ: Азия чемпионатының соңғы күні қазақстандықтар екі алтын мен екі күміс еншіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы «Сарыарқа» республикалық трегінде велоспорттан Азия чемпионатының соңғы күні қазақстандық құрама екі алтын мен екі күміс олжалады, деп хабарлайды ҚВСФ баспасөз қызметі.

ВЕЛОСПОРТ: Азия чемпионатының соңғы күні қазақстандықтар екі алтын мен екі күміс еншіледі

Жасөспірім қыздар арасында қазақстандық спортшы Надежда Женелева алтын медаль иеленді. Ал Роман Василенков Гонконг спортшысына есе жіберіп, екінші болып мәре сызығына жетті. Бұрынырақ Екатерина Юрайтис, Надежда Жанелева, Фаина Потапова және Светлана Рябова қуалау (4000м) бойынша командалық жарыста алтын иеленген болатын.

Ал Владислав Николаенко, Владимир Цой, Владислав Филипович пен Асылхан Тұрар кореялық командадан 3 секундқа артта қалып, екінші болып мәре сызығын аттады .

Тректегі жарыстардан кейін жалпы медальдік есепте Қазақстан бесінші орынды місе тұтты (4 алтын медаль, 3 күміс және 1 қола).

Еске сала кетсек, бүгін тректегі соңғы жарыс күні, ертең чемпионат Қарағандыда - шосседегі веложарыстармен жалғасады. 27 мамырда 19:00-де Қарағанды Мұз сарайында командалардың таныстырылымы өтіп, 28 мамырда жеке сөрелі жарыстар басталады.