16:43, 04 Шілде 2010 | GMT +5
Велоспорт: «Тур де Франс» көпкүндігінің беташарында «Астана» клубының көшбасшысы А. Контадор мәреге 6-шы болып келді
СТАНА. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Кеше велоспорттан әйгілі «Тур де Франс-2010» көпкүндігі басталды. Оның беташарында спортшылар жарыс жолына сөреден жеке жара шығып, 8,9 шақырымға жарысты.

Бұнда 1-ші орынды 10 минут уақыт көрсеткішімен «Saxo Bank» командасының өкілі швейцариялық Фабиан Канчеллара жеңіп алды. Ал, «Астана» командасының көшбасшысы Альберто Контадор жеңімпаздан 27 секундқа қалып қойып, мәре сызығын 6-шы болып қиды. Әйгілі қазақстандық велошабандоз, «Астана» командасының тағы бір өкілі Александр Винокуров мәреге 19-шы болып келді. Бұл жарыста үздік үштіктің қатарынан «HTC - Columbia» командасының өкілі германиялық Тони Мартин мен «Garmin - Transitions» командасының өкілі англиялық Даваи Миллар көрінді.