Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Велоспорттан АЧ: Алғашқы күні Қазақстан құрамасында қос алтын

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мьянма астанасы Нейпьидо қаласында басталған шосседегі велоспорттан Азия чемпионатының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына қос алтын медаль түсті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Велоспорттан АЧ: Алғашқы күні Қазақстан құрамасында қос алтын

ҚР велосипед спорты федерациясынан алынған мәліметке қарағанда, аталмыш додаға Қазақстаннан барлығы 16 спортшы қатысуда.

Алғашқы алтын жүлдеге 18 жасар Даниил Пронский ие болды. Ол 22,7 км жекелей жарыста 29 минут 21 секунд көрсетті.

«Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Кедергілер аз болмады. Мьянмамен уақыт айырмашылығы 30-ақ минут, сондықтан ағза тез үйренді. Бірақ мұнда ыстық 35 гадусқа дейін жеткен. Бұл менің Азия біріншілігіндегі алғашқы жеңісім емес. 2016 және 2017 жылдары да жеңімпаз атанғанмын. Ертең командаластарыммен бірге топтық бәсекеге қатысамын», деді Д.Пронский.

Тағы бір алтын медаль 18 жасар Марина Курносованың еншісінде. Ол 11 км жекелей сында үздік шықты. М.Курносова да күшті желге қоса күннің ыстық екендігін, жеңу үшін бар күш-жігерін салғанын, бүрсүгүні топтық жарысқа шығатынын жеткізді.
null null 

Сонымен қатар бүгін ерлер арасындағы элиталық санаттағы командалық жарысқа қазақстандықтар қатысып, бесінші орынға табан тіреді. 

Айта кетейік, Азия чемпионаты 12 ақпанға дейін созылады.