Велоспорттан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы анықталды

Велоспорт
Фото: Olympic.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Велоспорттан Алматыда өтетін Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын спортшылар белгілі болды. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, турнир 6 маусым күні басталады.

Ересектер арасындағы жекелей сында Рината Сұлтанова өнер көрсетеді. Аралас эстафетада Рината Сұлтанова, Махаббат Үмітжанова мен Фаина Потапова жарыс жолына шығады. 

Топтық жарысқа төмендегі спортшылар қатысады: Рината Сұлтанова, Махаббат Үмітжанова, Марина Кузьмина және Анжела Соловьева.

Жасөспірімдер арасында Ақпейіл Өсім, Бота Батырбекова, Виолетта Казакова, Елизавета Склярова, Ангелина Буренкова, Евгения Заам, Екатерина Удовыкина, Милана Лебединская, Мария Елькиналар бақ сынайды. 

Соңғы жаңалықтар
telegram