Велоспорттан Азия чемпионатында омниум велокөпсайысы жарысында Диас Өмірзақов үздік спортшы атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Велоспорттан Азия чемпионатында жарыстың төрт күндік қорытындысы бойынша қытайлық трекшілер 10 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль иеленді.
Медальдік есепте екінші орында - Оңтүстік Корея (6 алтын және 6 қола медаль), үшінші орында - Гонконг құрамасы (3алтын, 3 күміс және 4 қола). Қазақстан құрамасы велотректен бұрынғысынша 4 медальға ие (2алтын, күміс және қола). Бүгін, 25 мамырда, жарыстар барлық жастағы ерлер мен әйелдер арасында командалық спринттің жартылай финалынан басталды, омниум (жеке қуалау жарысы) жарысының келесі кезеңімен және ерлер спринтімен жалғасты. Күннің екінші жартысында спринт бойынша финалдық жарыстар (барлық жастағы ерлер), әйелдер арасында комнадалық спринт, гит жарыстары (ерлер - 1 шақырым, әйелдер 500 метр), және омниум бойынша гит (ерлер мен әйелдер). Бүгін қазақстандық спортшылар арасында омниум велокөпсайысы жарысында үздік спортшы атағына Диас Өмірзақов ие болды. Қазақстандық спортшы мәреге бірінші келді, бірақ жалпы есепте үздік үштікке ене алмай, 6-ыншы орынды қанағат тұтты. 26 мамырда «Сарыарқа» велотрегінде тректегі жарыстардың соңғы күні өтеді. Барлық жастағы ерлер мен әйелдер арасында кейринг бойынша жарыстар болады, жасөспірім қыздар арасында құрамалық қуалау жарыстары мен ұпай бойынша жарыстар финалы өтеді. Велоспорт бойынша Азия Чемпионатының эстафетасы Қарағандыға бет алады, ол жақта 28 мамырда шоссе веложарыстары басталады.