Велоспорттан Азия Чемпионатының үшінші күнінде Қазақстан қоржынында 4 жүлде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Велоспорттан Азия чемпионатының үш күндік қорытындысы бойынша Қазақстан қоржынында 4 жүлде бар: 2 алтын, 1 күміс және 1 қола, деп хабарлайды ҚВСФ баспасөз қызметі.
Жүлде саны бойынша әзірге көш бастап тұрған Корея (13 жүлде), Қытайда 11 жүлде, үшінші орында 7 жүлдемен Гонконг тұр.
24 мамыр күні велоспорттан Азия Чемпионатының үшінші күнінде "Сарыарқа" велотрегінде ерлер мен әйелдер арасындағы ізге түсу жарысының ақтық айналымдары, омниум (жүріп келе жатып айналу және шығып қалуға жарыс) велосипед көпсайысының басталуы, жасөспірім қыздар арасындағы спринт финалдары, ерлер мен әйелдер арасындағы скретч жарысының ақтық айналымдары, сонымен қатар спринтерлік жарыстардың жартылай финалдары өтті. Ертең, 25 мамырда, барлық жастағы ерлер арасындағы спринт жарысының айналымдары, әйелдер арасындағы командалық спринт, ерлер мен әйелдер арасындағы омниум (скретч), сонымен қатар 500 м (әйелдер) және 1000 м (ерлер) гит өтеді. Жарыстар тікелей эфирде "Қазспорт" телеарнасында көрсетіледі. Көрсетілімнің басталуы - 10:00.
АҚТЫҚ АЙНАЛЫМДАРДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ: ІЗГЕ ТҮСУ ЖАРЫСЫ (ӘЙЕЛДЕР) 1 ОРЫН - ҚЫТАЙ 2 ОРЫН - КОРЕЯ 3 ОРЫН - ГОНКОНГ
ІЗГЕ ТҮСУ ЖАРЫСЫ (ЕРЛЕР) 1 ОРЫН - ҚЫТАЙ 2 ОРЫН - ГОНКОНГ 3 ОРЫН - КОРЕЯ
СПРИНТ (ЖАСӨСПІРІМ ҚЫЗДАР) 1 ОРЫН - XIA Lanlan (Ксиа Ланлан) - Қытай 2 ОРЫН - GONG Wanling (Гонг Ванлинг) - Қытай 3 ОРЫН - JANG Yeonhee (Янг Йенхи) - Корея
СПРИНТ (ӘЙЕЛДЕР) 1 ОРЫН - LIN Junhong (Лин Джунхонг) - ҚЫТАЙ 2 ОРЫН - ZHONG Tianshi (Жонг Тьянши) - ҚЫТАЙ 3 ОРЫН - WAI SZE Lee (Вай Сце Ли) - Гонконг СКРЕТЧ (10 Ш, ӘЙЕЛДЕР) 1 ОРЫН - HUANG Dongyan (Хуанг Донгян) - ҚЫТАЙ 2 ОРЫН - YANG Qian Yu (Янг Кван Ю) - Гонконг 3 ОРЫН - TSENG Hsiao Chia (Ценг Хсяо Чиа) - Қытайлық Тайбэй
СКРЕТЧ (15 Ш, ЕРЛЕР) 1 ОРЫН - CHO Hosung (Чо Хосунг) - Корея 2 ОРЫН - Khalilikhosroshahi Behnam (Халиликхосрошахи Бехнам) - Иран 3 ОРЫН - Feng Chun Kai (Фе Чун Кай) - Қытайлық Тайбэй