Велоспорттан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды

АСТАНА. KAZINFORM –  Велоспорттан Талдықорғанда өткен Қазақстан біріншілігінде екі қашықтық бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, деп жазады Olympic.kz. 

Велоспорттан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
Фото: olympic.kz

Ерлер арасында 178 шақырымға жарысудан Дмитрий Груздев чемпион атанды. Күміс жүлдені Глеб Брусенский, қоланы Штеин Йоган еншіледі.

Әйелдер арасында 100 шақырымға жарысудан Рината Сұлтанова топ жарды. Сондай-ақ, Виолетте Казакова екінші, Елизавета Склярова үшінші орыннан көрінді.

Соңғы жаңалықтар