Велоспорттан Өзбекстанның ашық чемпионатына қазақстандық спортшылар да қатысады

ТАШКЕНТ. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ - Өзбектің велоспорт жанкүйерлері қызу жарысты тамашалауға дайындық үстінде. Олар, өз елінің, сондай-ақ, қазақстандық және ресейлік үздік велошабандоздарды өз көздерімен көру мүмкіндігіне ие болмақ,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Өзбекстан велоспорты федерациясы хабарлағанындай, жарыс үш кезеңде өткізіледі, сондай-ақ, алдын ала мәліметтерге қарағанда, ақпанның 25-не алғашқы сөре белгіленіп отыр. Чемпионаттың бірінші күні 18 шақырым қашықтыққа жеке бәсеке жарысы өткізіледі. Одан кейін 80 шақырымға топтық жарыс сөреге шығады, ал соңғы күні 110 шақырымға топтық жарыс өткізіледі.Халықаралық турнирге Астана, Алматы қалалары мен Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан және ҚР-ның өзге де аймақтарынан спортшылар қатысады деп жоспарлануда. Қазақстандық велошабандоздар жарыстың үш түріне де қатыстырылады.Спорт шолушыларының пікіріне қарағанда, біздің велошабандоздар жергілікті және ресейлік спортшыларға күшті қарсылас бола алады. Өзбекстан тарапынан жарысқа Ташкенттен және елдің басқа да барлық аймақтарынан спортшылар қатысады.
Соңғы жаңалықтар