Велоспорттан «Валенсия Вуэльта» жарысы кейінге шегерілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Велоспорттан 3-7 ақпан күндеріне жоспарланған Валенсия Вуэльта-2021 веложарысы кейінге шегерілді, деп хабарлайды Olympic.kz

Велоспорттан «Валенсия Вуэльта» жарысы кейінге шегерілді

Аталған веложарыс биыл 72-ші рет өткізілуі тиіс болатын.

Жарыстың кейінге қалдырылуына коронавирус пандемиясы себеп болып отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, велобәйгенің қашан өтетіні алдағы уақытта хабарланады.