Вена әлемде өмір сапасы бойынша үздік қала танылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австрия астанасы Вена қаласы әлемде өмір сапасы бойынша үздік қала танылды. Бұл туралы Mercer ("Мёрсер") халықаралық консалтингтік компаниясының жарияланған баяндамасы куәландырады.
Рейтингте әлемнің 440 қаласындағы өмір сапасы туралы мәліметтер ұсынылған.
Өткен жылдың бірінші «ондығы» өзгерген жоқ: 2015 жылы рейтингтің жоғары сатысынан көрінген Венадан кейін швейцариялық Цюрих (екінші орын) мен жаңазеландиялық Окленд (үшінші орын) тұр. Одан кейін тізімде Мюнхен (Германия), Ванкувер (Канада), Дюссельдорф (Германия), Франкфурт (Германия), Женева (Швейцария), Копенгаген (Дания) және Сидней (Австралия) бар.