Вена әуежайында атыс болды

АСТАНА. 16 шілде. ҚазАқпарат - Венаның әуежайында қақтығыс орын алып, екі адам жараланды.

Вена әуежайында атыс болды

Келеңсіз оқиға кеше Швехат әуежай кешенінің аумағында орын алды. Оқ жаудырғандар көлікке мініп, іздерін суытқан. Олар Словакиямен арадағы шекара бағытына бет алған көрінеді.

Жапа шеккен екі адам ауыр жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті.