«Вена-Еуропа жүрегі» жалпыұлттық сауалнама-байқауы аяқталды

АСТАНА. Тамыздың 23-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - ҚР Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитеті, Австрияның Қазақстандағы Елшілігі, «Австрия әуе жолдары» және Қазақстан Футбол федерациясы бірлесе жүзеге асырған «Вена-Еуропа жүрегі» атты жалпыұлттық сауалнама-байқауы өз мәресіне жетті.
None
None

Естеріңізге сала кетейік, шара ағымдағы жылғы шілденің 27-ісінде жарияланған болатын. Оған қатысу үшін ниет білдіруші азамат Вена қаласы, «Австрия әуе жолдары», отандық және еуропалық футбол, ЕҚЫҰ-ның қызметі және оған Қазақстанның төрағалық етуіне қатысты қарапайым 15 сұраққа дұрыс жауап беру қажет болатын. Сұрақтар мен оларға жауаптардың нұсқалары еліміздің жетекші спорттық және қоғамдық-саяси БАҚ-тарында, интернет-порталдарында, сондай-ақ Қазақстан Футбол федерациясының сайтында орналастырылған болатын. СІМ Халықаралық ақпарат комитеті төрағасы Роман Василенконың айтуынша, байқау шарасы бойынша Футбол федерациясына 671 хат келіп түскен. Бұлардың арасынан дұрыс жауап берілмеген, дұрыс рәсімделмеген 378 өтініш алынып тасталды.

Сонымен бірге, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Сергей Остапенконың қатысуымен жеңімпаздар арасында жүлде ұтысы өткізіліп, ол бойынша 11 кәдесый топтамасы, Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары қол қойған үш теңбіл доп, ЕҚЫҰ логотиптері бейнеленген кеудешелер тапсырылды. Ал бас жүлдені Петропавл қаласының тұрғыны Мұрат Жапаров иеленді. Енді жеңімпаз «Австрия әуе жолдары» компаниясы ұсынған «Астана-Вена-Астана» бағыты бойынша екі адамға ұшу билеттеріне және қыркүйектің 6-10 аралығында Венадағы қонақ үйде бес күн тұру мүмкіндігіне ие болып отыр. Бұндай ұтыс бағдарламасының ішінде міндетті түрде Қазақстан мен Австрия құрамаларының ойынын стадионнан тамашалау шарасы қамтылған. Қыркүйектің 7-ісінде өтетін ойынға билетті Қазақстан футбол федерациясы ұсынған.

Соңғы жаңалықтар